2014 жылғы 1 қыркүйек — 2016 жылғы 1 сәуір аралығында өткен жария ету науқаны кезеңінде банктер жалпы сомасы 475,5 млрд теңгеге 623 банк шотын ашты, — деп хабарлайды бүгін ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасапҚазАқпарат.
«Рақымшылық туралы заңға түзетулер енгізілген күннен, яғни 2015 жылғы 29 қарашадан бастап, сәуір айының басына дейін банктердегі шоттарға 390 млрд. теңге енгізілді. Банк шоттары арқылы ақшаны жария ету қарқынының айтарлықтай ұлғаюы заңдастыру рәсімдерін жеңілдетуге, атап айтқанда ақшаны бес жыл ішінде сақтау және 10% алым төлеу жөніндегі талаптардың алынып тасталуына байланысты болып отыр», — делінген хабарламада.
Акцияға қазір екінші дәрежелі 30 банк пен Ұлттық пошта операторы қатысып жатыр.
Айта кетелік, енгізілген ақша және ашылған шоттар бойынша Алматы мен Астана қалалары, сондай-ақ, Атырау, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстары көш басында келеді. Бұл өңірлер республика бойынша жария етілген ақшаның жалпы сомасының 98 пайызын қамтиды.
Токаев поздравил казахстанцев с Днём Победы
Более 500 человек прошли отбор по программе «Наурыз» в Костанайской области
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
