USD 474.04 EUR 555.01 RUB 6.45

Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 4,4 жылға өсті

— 22.08.2016 12:35
Заглушка 375 - нет фото

Тәуелсіздік жылдарында қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 4,4 жылға ұлғайып, 2015 жылдың нәтижесі бойынша 72 жасты құрады (1991 жылы бұл көрсеткіш 67,6 болатын).
Тәуелсіздік жылдарында қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 4,4 жылға ұлғайып, 2015 жылдың нәтижесі бойынша 72 жасты құрады (1991 жылы бұл көрсеткіш 67,6 болатын).
Бұл туралы ҚР ДСӘДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасапҚазАқпаратхабарлады.
Мұндай көрсеткішке ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» және Денсаулық сақтау саласын реформалаудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларын сәтті жүзеге асыру нәтижесінде қол жеткізілді.
Халықтың туу көрсеткіші 8,2%-ға өсті, ол 2015 жылдың нәтижесі бойынша 1000 тұрғынға шаққанда 22,72-ні құрады (1991 жылы — 21).
Ана мен сәби өлімі сәйкесінше 5,4 және 3 есеге төмендеді (1991 жылы ана өлімі — 100 мың тірі туғанға шаққанда 67,2-ден 2015 жылы 12,5-ге дейін, сәби өлімі — 1991 жылы 100 мың тірі туғандарға шаққанда 27,4-тен 2015 жылы 9,39-ға дейін).
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылға дейін өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа дейін ұлғайту — «Денсаулық» бағдарламасының мақсатты индикаторы болып табылады.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.