«Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық Саясаты аясында «Қазақстанның Даму банкі» Ұлттық қор қаражаты есебінен қазақстандық көлік құрастыру кәсіпорындарын қолдауға 11 млрд теңге бөледі. Аталған қаражат Қазақстанда құрастырылған автокөліктерді сатып алуға жеке тұлғаларды несиелеу үшін төрт коммерциялық банкке бағытталды, деп хабарлайды «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның қоғаммен байланыс қызметі.

ҚР Үкіметімен бекітілген жеке тұлғаларға жергілікті өндірілген жеңіл автокөлік сатып алуға несие беру шарттары: атаулы сыйақы мөлшерлемесі – ең көбі жылдық 4%, сонымен қатар жылдық тиімді мөлшерлеме (оған сақтандыру және автокөлікті кепілге рәсімдеу шығындары кіреді) жылдық 7,5%-дан аспауы тиіс. Несие мерзімі – ең көбі 5 жыл, қарыз валютасы – теңге, жеңіл көліктің бір бірлігінің бағасы – ең көбі 9 000 000 теңге, бастапқы жарна (бар болған жағдайда) – сатып алынатын көліктің бағасынан ең көбі 20%.Автонесиелер тізбесі ҚР Экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссиясымен бекітілген келесі банктер арқылы беріледі: «Қазақстан Халық банкі» АҚ (3 млрд теңге), «Еуразиялық Банк» АҚ (3 млрд теңге), «Сбербанк России» АҚ ЕБ (3 млрд теңге), «Банк Центр Кредит» АҚ (2 млрд теңге).Қарыз алушыларға «СарыарқаАвтоПром» ЖШС және «АЗИЯ АВТО» АҚ кәсіпорындарында құрастырылатын «Kia», «Toyota», «Chevrolet», «Skoda», «Hyundai» және т.б. сияқты брендтердің 37 көлік моделі ұсынылады. Қаржыландырудың белгіленген лимиттері әр автокөлік өндірушіге 5,5 млрд теңгеден құрайды. ҚДБ www.kdb.kz сайтында автокөлік модельдерінің толық тізбесімен танысуға болады.Бұл туралыbaq.kzхабарлайды.
Шашлык с риском: где нельзя разводить огонь в Казахстане
Костанайскую область накроют дожди и грозы
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.