Ұлттық ғашықтар күні биыл елімізде кеңінен аталып өткелі отыр. Бұл жобаның негізгі мақсаты – қазақ жастарын 14 ақпан күні өтетін әулие Валентин күнінен алыстатып, санасына өзіміздің Ұлттық ғашықтар күні бар екенін сіңіре білу.
Ұлттық ғашықтар күні биыл елімізде кеңінен аталып өткелі отыр. Бұл жобаның негізгі мақсаты – қазақ жастарын 14 ақпан күні өтетін әулие Валентин күнінен алыстатып, санасына өзіміздің Ұлттық ғашықтар күні бар екенін сіңіре білу.
Шынайы махаббат символдары – Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу, Еңлік пен Кебек, Төлеген мен Қыз Жібек сынды ұлтымыздың нағыз махаббат қаһармандарын жастар арасында кеңінен насихаттау. Солар арқылы жастардың назарын ұлттық құндылықтарымызға, асыл жауһарларымыз, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызға аудару.Астана қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Дархан дала» қоғамдық қоры мен «Бақорда Медиа тобының» ұйымдастырып отырған бұл жобасы көптеген іс-шараларды қамтымақ.
Атап айтқанда, Ғашықтар күнінің шымылдығы 14 сәуір күні сағат 20:00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында драматург Мар Байжиевтің «Тіл табысқандар» қойылымымен ашылады. Режиссері – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов.
Ұлттық Ғашықтар күніне байланысты әлеуметтік желілерде («Facebook», «Instagram») «Ең үздік махаббат дастаны» тақырыбына түсірілген үздік бейнеролик пен Ұлттық ғашықтар күнінің логотипіне байқау жарияланды. Үздік шыққандары 15 сәуір күні арнайы сыйлықтармен (смартфон) марапатталады-деп хабарлайды baq.kz.
Погодный микс: от дождя до метели при ветре до 23 м/с
В Костанае кризисный центр помогает жертвам домашнего насилия: за месяц обратились 27 женщин
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
