USD 461.26 EUR 542.58 RUB 6.18

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауы өтуде

— 20.03.2016 08:40
Заглушка 375 - нет фото

Саяси додаға барлығы алты партия — «Нұр Отан» партиясы, Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы және «Бірлік» саяси партиясы қатысып жатыр.
Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің 98 депутаты, сондай-ақ облыстық, Астана, Алматы қалалық мәслихаттарының 550 депутаты, қалалық мәслихаттардың 625 депутаты және аудандық мәслихаттардың 2160 депутаты сайланады.
Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер ретінде алты саяси партияның атынан 234 кандидатты тіркеді.
ҚР-дағы сайлауды 964 халықаралық байқаушы қадағалайтын болады. Сонымен қатар ол дауыс беру барысы мен дауыстарды санау рәсімін байқауға кандидаттар мен партиялардың сенім білдірген адамдары, қоғамдық бірлестіктер, ҮЕҰ, Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.
Сайлауда 9 791 165 қазақстандық дауыс береді деп күтіліп отыр.
Еске сала кетейік, ҚР Президентінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы «Бесінші шақырылған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлығымен партиялық тізімдер бойынша сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызға, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 21 наурызға тағайындалған болатын.Бұл туралыbaq.kzхабарлайды.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.