Жүргізушілердің көлігінде балаларға арналған ұстап тұратын қондырғы болмаса 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.
Жүргізушілердің көлігінде балаларға арналған ұстап тұратын қондырғы болмаса 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.
Бұл 10 мың теңгем шамасында. Полиция қызметкерлері атап кеткендей жүргізушілерге жаза қолданылатыны ескертілген. Енді полиция сөзден іске кірісті. Бірнеше күнде Қостанайда 30-дан астам жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды. Бүгінде сауда орындарында кез-келген талғамға кез- келген бағаға тәріздес қондырғылар толып тұр. Сатушылардың айтуынша нарықта түр-түрі бар. Айталық бустер деп аталатын түрі 4 мың теңгеден басталады. Балалар креслосы 12 мың теңгеден, ал ұстап тұратын қондырғылар 1500 теңгеден жоғары. Еске салсақ, жыл басынан бері жаңартылған жол қозғалысы ережесі күшіне енді. Биылғы жылғы 7 қаңтардан бастап 12 жасқа дейінгі балалар арнаулы ұстап отыратын қондырғыларда тасымалдануы тиіс. Полиция қызметкерлері тезірек қондырғыны сатып алуға кеңес береді. Олай етпеген жағдайда заңға сәйкес қомақты айыппұл салынады.
На пороге пенсии и под угрозой сокращения: на чьей стороне закон
0,5 сотки за 1,5 млн тенге: в Костанае выкупают участки ради дороги к новой школе
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
