USD 511.26 EUR 597.61 RUB 6.32

ЭКСПО аумағындағы тұрғын үйлердің құрылысы 90 пайызға дайын

— 20.10.2016 12:55
Заглушка 375 - нет фото

Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағындағы тұрғын үйлердің құрылысы 90 пайызға дайын тұр, деп хабарлайдыҚазАқпарат«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Бүгін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев құрылыс барысымен танысты.
«Бәйтерек» холдингі өзінің еншілес ұйымы «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандырылған көрме аумағындағы тұрғын үйлердің, сауда-ойын-сауық орталығының құрылысын инвестициялайды. Ауданы 107 мың шаршы метр (1 374 пәтер) 42 тұрғын үй салынды. Үйлерге сыртқы және ішкі желілер қосылды, пәтерлерді ішкі әрлеу, үйлердің қасбеттерін әрлеу аяқталды, аумақты көріктендіру жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғын үй кешендерінде паркингтер, сондай-ақ коммерциялық үй-жайларға арналған аудандар көзделген. Құрылыс-монтаждау жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде», — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, көрме кезінде бұл пәтерлер халықаралық қонақтарды орналастыру үшін көрменің ұйымдастырушыларына жалға беріледі. Көрме аяқталғаннан кейін нарықтық талаптармен тұрғын үйлердің сатылуы жоспарланған.
Компанияның ақпаратына сүйенсек, көрме аумағындағы тұрғын үйлер мен сауда-ойын сауық орталықтары 2016 жылдың 1 желтоқсанында пайдалануға берілу керек.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.