Қазақстанда алкоголь өнімдері мен темекі акцизі айтарлықтай өседi. Оны келесі жылдан бастап 2019 жылға дейін кезең-кезеңімен көтеру жоспарланып отыр. Ішімдіктің 1 литрі үшін акциз мөлшері 85 пайызға, темекінің 1000 данасы үшін 74%-ға дейін өседі. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті, деп хабарлайдыBaq.kzтілшісі.

Сонымен, 2017 жылы алгокольдік өнімнің 1 литрі үшін акциз мөлшері 2000 теңге көлемінде белгіленбек. 2019 жылы салық 2550 теңгеге дейін өседі. Осылайша, қазіргі уақыттағы акцизбен салыстырғанда 85 пайызға артады.
«Сыра және сыра сусындарының 1 литрі үшін акциз 2017 жылы – 39 теңге, 2019 жылы – 57 теңгеге дейін ұлғаяды. 2016 жылмен салыстырғанда өсім 219%-ды құрайды», — деді Қ.Бишімбаев.
Ал темекі өнімдерінің 1000 данасы үшін 2017 жылы 6200 теңге, 2019 жылы 8700 теңге мөлшерінде салық салынады. Бүгінгі күнмен салыстарғанда акциз өсімі 74% болады.
«Алкоголь өнімдерін экспорттау кезінде қосарланған салық салуды болдырмау және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін күшейту мақсатында алкоголь өнімдерін өндіру үшін өндірісте пайдаланылатын этил спирті акцизінің нөлдік мөлшерлемесін белгілеу ұсынылады. Ресей мен Беларусьте де осылай босатылады», — деді министр.
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.