USD 511.26 EUR 597.61 RUB 6.32

Елімізде әскерге барғысы келмейтін жастар қатары артып келеді

— 24.10.2016 11:49
Заглушка 375 - нет фото

Әскерге барғысы келмейтін жастар аз емес. Бас қаланың өзінде 6 мыңға жуық шақырылушы тиісті мекенжайынан табылмай, сала мамандарын сергелдеңге салып келеді. Енді Отан қорғаудан қашып, жауапкершіліктен жалтарғандар 19 миллион теңге айыппұл төлеуі тиіс. Жастары 18-ден асса да, әскерге баруға асықпай жүрген жеткіншектер жетерлік. Басым бөлігі сан түрлі сылтау айтып, шақырту қағаздарын жауапсыз қалдырады екен.

Астанада әскер жасына жеткен 6 мың азамат бар. Сондықтан қоғамдық орындарда кез келген жеткіншектің құжаты тексеріліп, 18 жастан асқандары жиын пункттеріне жіберіліп жатыр. Ал әскерге барудан бас тартқандары ауқымды айыппұл төлеуге міндеттеледі.
Жыл басынан бері осындай 2 мың дерек тіркелді. Жыл аяғына дейін 15 мың сарбаз әскер сапын толықтыруы тиіс. 11 мыңы Ұлттық ұлан мен қарулы күштер қатарына қосылса, 3 мыңы шекара шебіне аттанбақ. Ал 300 азамат мемлекеттік күзет қызметіне алынады-деп хабарлайды24.kz.

Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.