Қазақстаннның Ішкі істер министрі 2016 жылдың 12 сәуіріндегі бұйрығымен жүргізуші куәлігін беру мен емтихан тапсыру ережелеріне өзгерістер енгізді. Бұл туралыZakon.kzсайтына сілтеме жасапNUR.KZпорталы хабарлайды.
Оған сәйкес, «Жол қозғалысы» туралы заңның 74 бабында бекітілген жасқа жеткен тұлғалар емтихан тапсыруға жіберіледі.
№ 083/у формасындағы медициналық анықтаманы, көлік жүргізушілерін дайындауға арналған оқу ұйымдарынан алынған курсты аяқтау туралы куәлікті әкелу керек.
Осы орайда, курсты аяқтау туралы куәліктерді «А», «В» санатындағы және «A1», «B1» санат ішіндегі көлік құралдарын басқару үшін өздігінен дайындалған тұлғалар әкелмесе де болады.
«А», «В» санатындағы және «A1», «B1» санат ішіндегі көлік құралдарын басқару үшін өздігінен дайындалған тұлғалар Мемлекеттік корпорациядағы құзырлы мекемелерде емтихан тапсырады.
Шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар және мемлекеттік немесе орыс тілін білмейтін өзге тұлғалар теориялық емтиханды білікті аудармашылардың көзінше тапсырады. Аудармашыларға қатысты мәліметтер емтихан комиссиясының хаттамасына енгізіледі.
Казахстанцы не смогут заходить в банковские приложения как раньше
Не можете платить по кредиту? В АРРФР объяснили, что делать
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
