USD 511.26 EUR 597.61 RUB 6.32

Ендi Қазақстанда 1-сынып оқушылары 5 күн оқиды

— 25.08.2015 12:55
Заглушка 375 - нет фото

2015-2016 оқу жылдарында iлкi жоба ретiнде бiрқатар мектептерде 1-сынып оқушылары үшiн аптасына бес күндiк оқу бағдарламасы енгiзiледi.
2015-2016 оқу жылдарында iлкi жоба ретiнде бiрқатар мектептерде 1-сынып оқушылары үшiн аптасына бес күндiк оқу бағдарламасы енгiзiледi.
Бұл жөнiнде  бүгін «Жаңа білім беру бағдарламалары, инновациялар және құзыреттілік тәсіл — мектеп табысының кілті» тақырыпта өтiп жатқан  білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз педагогикалық кеңесінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов хабарлады.
«Биыл iлкi жоба ретiнде бiрқатар мектептерде бiрiншi сынып оқушылары үшiн бес күндiк оқу бағдарламасы енгiзiледi. Тиiстi ұсыныстарды мектептерге жiбердiк. Сонымен қатар,  республикамыздың екi қаласында  мектептердегi жан басына қаржыландыру  тәсiлi жалғасады»,-деп мәлiм еттi министр.
Оның айтуынша,  Қарағанды мен Түркістан қалаларының 63 мектебінде 10-11 сыныптарда жан басына қаржыландыру тәсiлi сынақтан өтiп жатыр.  «Бұл тәжiрибе  оқушыларының саны көп мектептерге тиiсiнше көп  қаржы бөлуге мүмкiндiк бередi»,-деп түсiндiрдi А.Сәрiнжiпов.Бұл туралыҚазАқпаратхабарлады.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.