
Жалған ақша жасау қазіргі таңда еліміздің дамуына үлкен соққы болатын қылмыстардың бірі. Жыл басынан бері Қостанай облысында осындай 6 қылмыс тіркелген. Мамандар жалған ақшаны айыру қиын екенін айтады. Қылмыскерлер пайда табу мақсатында неше түрлі айла-тәсілдерге баратын көрінеді. Бүгінгі хабарымызда жалған ақша туралы әңгіме қозғалады. Студия қонағы: Қостанай облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің тергеушісі Ернар Сүйінкин.