
Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов жоғары сот органының сайты арқылы оқырмандарға үндеу жариялады. Үндеуде дау-жанжалдарды сот арқылы емес екі тараптың келісуімен медиация арқылы шешуге шақырды. Сот екі жақты бірдей қанағаттандыра алмайды. Ең дұрысы екі жаққа да тиімді бітімге келу екенін жоғарғы сот төрағасы мәлімдеді. Бүгін осы тақырып төңірегінде әңгіме өрбиді. Студия қонағы Қостанай облыстық сотының судьясы Гүлнәр Исмайлова.