ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов твиттер-аккаунтқа Карелияда балалардың қайғылы қазаға ұшырауына байланысты РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевке көңіл айтты, деп хабарлайдыҚазАқпарат.
«РФ Үкіметінің Төрағасы Д.А.Медведевке балалардың қазасына әкеп соққан Карелиядағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтамын», — деп жазды твиттерге К. Мәсімов.
Еске салсақ, 18 маусымда «Парк-Отель Сямозеро» балалар сауықтыру лагерінің қатысушылары Пряжинск ауданындағы су қоймасында қайықпен дауылға ұрынды. Үш қайықта 47 бала, 4 ересек нұсқаушы болған. Дауыл салдарынан қайық аударылып, батып кетті. Соңғы деректер бойынша қаза болған балалар саны — 15.
В акимате Костанайской области новое назначение
До -6 ночью и жара до +40 днём: Казахстан ждут погодные качели
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
