USD 474.04 EUR 555.01 RUB 6.45

Мырзахметов бастаған топ Қостанайда 2017-2021 жылдарға арналған АӨК бағдарламасын талқылады

— 21.11.2016 15:37
Заглушка 375 - нет фото

Қостанайға Премьер-Министрдің орынбасары — Ауыл шауашылығы министрі Асқар Мырзахметов бастаған жұмыс тобы барып, Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арнаған бағдарламасының тұжырымдамасын түсіндіруді, талқылауды мақсат еткен өңірлік семинар-кеңес өткізді. Оған Ақмола, Солтүстік Қазақ­стан, Қостанай облыстарының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері, мамандар қатысты-деп хабарлайды «Еген Қазақстан» газетіне сілтеме жасапҚазАқпарат.

Айта кету керек, бұл Үкіметтің қыр­күйек айындағы кеңейтілген оты­рысында Елбасының Үкімет­ке агроөнеркәсіпті дамыту бағ­дар­ламасын жасау жөніндегі тап­­сыр­масы болатын. Асқар Мыр­­зах­метов басқосуда жаңа бағ­дар­ламаның мақсаты мен мінде­тін түсіндіргеннен кейін, тұжы­рымдама жобасы таныстырылды. Қазақстан мол астық өнді­реді, биыл, тіпті, жоғары көрсеткішке қол жетті. Мал шаруашылығы дамып келеді. Дегенмен, ауыл шаруашылығы, Елбасы теңегендей, еліміз экономикасының драйверіне айналуы үшін көптеген мәселелер шешімін табуы тиіс. Жеріміз ауыл шаруашылығы өнімдерінің қандайын өндіруге де жетеді, қолайлы да. Бірақ, соған қарамас­тан, азық-түліктің көптеген түр­лері­нің өндірісі әлі де төмен дең­­гейде. Сондықтан, олардың біра­зын сырттан тасуға тура келеді. Мысалы, ет өнімдерінің — 33, сары майдың — 36, ірімшік пен сүзбенің — 42, шұжықтың — 45, құс етінің — 54, балықтың 67 пайызы өзге елдерден тасылады.
Мал шаруашылығымен қатар, егін шаруашылығы саласынан алынатын өнімдердің де экспортынан импорты басым түрлері жетерлік- деді  Асқар Мырзахметов. Ми­нистр ауыл шаруашылығын барынша әр­та­рап­тандыру бағдарламаның маңыз­ды ба­ғыттарының бірі екенін де айтып өтті. Жобасы талқыланып жатқан бағдар­лама ауыл шаруашылығындағы мәселе­лерді шешу арқылы, ауылдың әлеумет­тік жағдайын да дұрыстауды көздейді. Мысалы, мал шаруашылығы тиімділігін 58 пайызға, өсімдік шаруашылығының тиімділігін 40 пайызға көтеру бағдар­лама міндеттерінің бірінен саналады. Тауарлы өндіріске 670 мың ұсақ өндірушіні тартып, өндірілген өнімді өткізу, оны өңдеу жүйесін жасау үшін ауыл шаруашылығы кооперацияларын құруды міндеттейді.

Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.