USD 461.26 EUR 542.58 RUB 6.18

Н.Назарбаев: Еліміздің тұтастығын қорғау — Отан күзетіндегі әрбір азаматтың қастерлі парызы

— 06.05.2016 14:42
Заглушка 375 - нет фото

Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізге  сіңірген аса үздік еңбегі, әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бірқатар азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады.
Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізге  сіңірген аса үздік еңбегі, әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бірқатар азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады.
«Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен, Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерекесімен шын жүрегімнен құттықтаймын. Бұл екі мереке — ата-бабамыздан бізге мирас болған елдік дәстүрді жалғастыратын кезең. «Ел ерлерімен еңселі», дейді халқымыз. Біз кешегі баһадүр бабаларымыздың ерліктерін қастерлеп, елдік жолын жалғаған ұрпақпыз. Еліміздің тұтастығын қорғау — Отан күзетіндегі әрбір азаматтың қастерлі парызы. Елдің тыныштығын, тұрақтылығын  сақтау бәріміздің қасиетті борышымыз. Берекеміз бен бірлігіміздің арқасында аспанымыз ашық, заманымыз тыныш», — деді Елбасы.
Мемлекет басшысы өз сөзінде осындай бейбіт өмірде де ерлік жасауға болатыны дәлелденгенін баса айтты.
«Дәл қазір араларымызда ерен ерлігімен дараланған бүгінгі күннің батырлары тұр. Өз басын қатерге тігіп, адамды өрттен құтқарған Данияр Қалиев ерен ерліктің үлгісін көрсетіп, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Арамызда ел қауіпсіздігін нығайтуға зор еңбек сіңіріп жүрген азаматтар да бар. Халықаралық деңгейде танылған мерген қызымыз Әсем Жакенованы атап өткім келеді. Жоғары  жетістіктермен көзге түскен ол «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталады», — деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысы бүгінгі марапатқа ие болып отырған азаматтар  әскери қызметпен бірге азаматтық парызды абыроймен атқарып жүргендігін атап өтті-деп хабарлайдыҚазАқпарат.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.