2017 жылы Астананың жасыл белдеуіндегі орман Бурабайға жетеді. Бұл туралы бүгін жасыл аймақтағы орманды аралай отырып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
2017 жылы Астананың жасыл белдеуіндегі орман Бурабайға жетеді. Бұл туралы бүгін жасыл аймақтағы орманды аралай отырып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
Н.Назарбаев атап өткендей, жасыл аймақ қызметкерлері жыл сайын бес мың гектар жерге тал егіп, оны күтіп, осындай орманға айналдырып келеді. Он сегіз жыл ішінде жасыл белдеудің көлемі Бурабай ұлттық паркінің көлемімен теңескен екен.
«Ендігі міндет, осы орманды Бурабай орманына қосу. Қазір Астананың жасыл аймағындағы орман Шортанды ауданына дейін жүз шақырымға жетті. Одан кейін тағы шамамен жүз шақырым бар. Келесі жылы орман Бурабайға жетеді», — деп мәлім етті Мемлекет басшысы.
Елбасы атап өткендей, Астананың жасыл аймағы Көкшетауға ғана емес, Павлодар,Қарағанды, Қостанай өңірлеріне де бойлайды. Осылайша, Астананың айналасы ну орманға айналмақ.
«Қазақстанның әрбір қаласы орман шаруашылығын дамытса, еліміз экологиясы таза, жап-жасыл елге айналар еді. Орман дегеніміз қаланың өкпесі емес пе?!. Он сегіз жыл ішінде Астананы осынша көгалдандырдық. Бұл мені қатты қуантады. Астанаға ұшып келген кез келген адам айналасы жап-жасыл орман екенін көреді», — дей келе Мемлекет басшысы осы орманның әр талын тер төге отырып баптаған жұмысшыларға зор алғысын білдірді.Бұл туралыҚазАқпарат хабарлайды.
В акимате Костанайской области новое назначение
До -6 ночью и жара до +40 днём: Казахстан ждут погодные качели
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
