USD 461.26 EUR 542.58 RUB 6.18

Назарбаев мектебі Наурыз тойын тойлады

— 20.03.2016 09:58
Заглушка 375 - нет фото

Ұлыстың ұлы күнін Қостанай қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі кең көлемде атап өтті. Бұл білім ошағы есігін ашқалы айтулы мерекені екінші рет тойлап отыр.
Ұлыстың ұлы күнін Қостанай қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі кең көлемде атап өтті. Бұл білім ошағы есігін ашқалы айтулы мерекені екінші рет тойлап отыр.
Соған қарамастан, мұғалімдер мен оқушылар ауызбіршілік танытып, тіпті, мектепте ұстаздық ететін өзге ұлт өкілдері де Наурыз мерекесінің қадір-қасиетін жақсы түсінген.Осы күні қазақтың ұлттық киімін киіп, дәстүрлерін бек ұстанған.
Мерекелік іс-шараға Қостанай облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Үкіұлы, өңірімізге белгілі кәсіпкер Сайран Бұқанов, ҚМУ-нің проректоры Алмас Әбсадықов сынды шаһардың құрметті азаматтары шақырылған.Мектеп ауласы қазақ ауылына ұқсатып безендірілген.
Бір жағында жәрмеңке, қазақы киіз үй болса, енді бір қанатында спорттық ойындарға арналған алаңқай және наурыз көже мен бауырсақ әзірлейтін ошақ орнатылған.  Күй ойнап, әсем ән әуелеп, мерекелік көңіл-күй асқақтап тұрды. Концерт үш тілде өрбіді. Ортаға екі жаршы шығып, Наурыз тойының басталғанын жұртшылыққа жария етіп қуантты.Бұл туралы«Қостанай таңы»хабарлайды.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.