USD 461.26 EUR 542.58 RUB 6.18

Несие алып ас беруге бола ма?

— 27.05.2016 12:17
Заглушка 375 - нет фото

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының айтуынша, кейбір адамдар дұрыс түсінбеу салдарынан әрі тұрмыстық жағдайын ескерместен кісі қазасынан кейін аста-төк Құдайы ас береді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының айтуынша, кейбір адамдар дұрыс түсінбеу салдарынан әрі тұрмыстық жағдайын ескерместен кісі қазасынан кейін аста-төк Құдайы ас береді.
Ғұламалар Кеңесінің ХІІ отырысында теолог-ғалымдар да қарызға батып, той жасағандай барын төгіп, дастарқанды тәтті тағамдарға, шырын сусындарына толтырып жіберетіндер туралы ойларын ортаға салды.»Тойдың жөні бөлек.Ал Құдайы ас берудің өзіндік әдебі, тәртібі бар емес пе? Шектен тыс шығынға батып, ысырап етуге болмайды. Мұны дініміз де құптамайды. Біз еліміз бойынша баршаға тиімді болатын Құдайы астың ортақ мәзірін әзірлеп, көпшілік қауымға ұсындық. Бұл бастамамызға ел ағалары, ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, мешіт жамағаты үлкен қолдау көрсетіп жатыр.— деді Ержан қажы Малғажыұлы.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Нариман Исеновтың айтуынша, мешітке жергілікті халық арасынан: «Несие алып, Құдайы ас берсем бола ма?» — деп сұрап келетіндер де бар екен.
Ғұламалар Кеңесінде талқыланып жатқан «Жаназа» кітабында: «Қайтыс болған кісінің атынан ас беру — мұсылман шариғатында міндетті түрде атқарылуы тиіс парыз амалдарына жатпайды. Яғни, жасалмаған жағдайда ешбір адам күнәһар болмайды. Бірақ жалпы алғанда жұртқа тамақ таратудың сауапты іс екенін хадистерден және кейбір Құран аяттарынан байқаймыз. Дінімізде міндетті түрде қарызданып немесе өзіңе қажетті қаржыңды жұмсап, қайтыс болған кісі атынан үлкен мал сойып, садақа бер деген үкім жоқ. Садақалар, Құдайы астар берілген жағдайда ысырапқа жол берілместен атқарылуы тиіс», — делінген.Бұл туралыbaq.kzхабарлайды





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.