USD 474.04 EUR 555.01 RUB 6.45

Қостанай өңірінде балықшы мұз астына түсіп мерт болды

— 02.11.2016 11:51
Заглушка 375 - нет фото

Қостанай облысында жұқа мұзға түсіп адам мерт болды. Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті бұл ақпаратты растады.
Қостанай облысында жұқа мұзға түсіп адам мерт болды. Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті бұл ақпаратты растады.
Қайғылы жағдай Федоров ауданының Шандақ ауылындағы өзенде болған. 62 жастағы балықшы балық аулаймын деп абайсызда мұздың астына түсіп кеткен. Құтқарушылар оның денесін дүйсенбі күні алып шықты. Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай балықшы мұздың үстімен қолдан жасалған қайықпен жүріп, жағалаудан 1 шақырым қашықтықта суға батып кеткен. Мамандар қазір мұздың қалыңдығы 2-4 см болғандықтан мұзға шығу әлі қауіпті екенін ескертеді.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.