Домой Жаңалықтар Қостанай өңірінде әкімдердің халық алдында есеп беруі басталды

Қостанай өңірінде әкімдердің халық алдында есеп беруі басталды

283
0

Елбасының Жарлығына сәйкес Қостанай облысында барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беру жиындары басталды.

Облыс көлеміндегі селолық округтердің, қалалар мен аудандардың әкімдерінің жыл сайынғы халықпен кездесуі 14 қаңтар мен 11 ақпан аралығында өтеді. Кездесуде олар аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және келешектегі даму жоспарлары туралы баяндама оқып, жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап береді. Бірінші болып халық алдында селолық округ әкімдері есеп береді.

Ал 2 ақпаннан бастап қала мен аудан әкімдері кездесу өткізеді. Бұл кездесулер облыс әкімінің немесе оның орынбасарларының бірінің қатысуымен өтеді.  Барлығы 612 есеп беру кездесуін өткізу жоспарланған. Кездесулер облыс әкімі А.Мұхамбетовтың халық алдында есеп беру жиынымен қорытындыланады.Бұл туралы «Қостанай таңы» хабарлайды.