USD 470.17 EUR 547.47 RUB 6.42

Қостанай өңірінде тұрақтандыру қоры азық-түлікпен толықты

— 20.10.2016 12:33
Заглушка 375 - нет фото

Облыстың тұрақтандыру қоры азық-түліктердің бірнеше түрімен толығып, 500 тонна картоп, 20 тонна күріш, 30 тонна сәбіз және 544 тонна қант сатып алынды.
Облыстың тұрақтандыру қоры азық-түліктердің бірнеше түрімен толығып, 500 тонна картоп, 20 тонна күріш, 30 тонна сәбіз және 544 тонна қант сатып алынды.
«Тобыл» кәсіпкерлік корпорациясы операторының азық-түліктерді осындай мөлшерде сатып алуы халықтың сұранысына байланысты. Ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Орал Нұрғазиннің сөзінше бүгінде сиыр етінің, жұмыртқа мен өсімдік майының өткен жылдан қоры қалды. 200 тонна өсімдік 94 тонна сиыр еті 4 млн 450 мың дана жұмыртқа қорда бар. Азық-түліктер төмен бағамен сатып алыныпты. Картопты 67 теңгеден, қант 215 теңгеден. Тамыз-қыркүйек айларындағы қанттың тапшылығынан тұрақтандыру қорына мол алынды.
Егер өткен жылы тәттінің 250 тоннасы сатып алынса, биыл екі есе көп. Ал картопты азырақ сатып алыпты. Өткен жылы 1000 тонна картоп алынса, биыл оны пайдаланбағандықтан екі есеге аз-500 тонна сатып алуды ұйғарған.
Жыл басынан бері облыс орталығында 10 жәрмеңке ұйымдастырылды. Ауыл шаруашылығы басқармасының маманы атап кеткендей, Қостанайда айына екі рет жәрмеңке өткізу жоспарланып отыр.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.