Прокуратураның мәліметі бойынша Қостанай облысында жасөспірімдер жасаған қылмыстар саны 18 пайызға өскен. Бұзушылықтың алтыдан бір бөлігі түнгі уақытта тіркеледі.
Осыған орай қадағалау органында кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бойынша және оларды түнгі уақытта ата-аналарынсыз көшелерде және ойын-сауық орындарында болу фактілеріне жол бермеу мақсатында мобилді топ құрылды. Ақпан бойы рейдтер жүргізілді.
Қостанай облысы прокурорының аға көмекшісі Ринат Каримовтың сөзінше жүргізілген рейдтік шаралар барысында түнгі уақытта ата-аналарының қарауынсыз жүрген 88 кәмелет жасына толмаған бала анықталды. Бұзушылық үшін жасөспірімдердің заңды өкілдері ата-аналар әкімшілік жауапқа тартылды. Бірінші рет ескерту беріледі. Екінші рет қайталанса 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 32 мың теңге айыппұл салынады. Қостанай облысының прокуратурасы балаларға қарсы қол сұғу қылмысының алдын-алуға ерекше көңіл бөледі. Ринат Каримовтың айтуынша әдетте тұрмыстары төмен отбасылардың балалары зардап шегеді.
Облыс прокуратурасында арнаулы бөлім құрылды. Қызметкерлердің міндеті интернет ресурстарға мониторинг жүргізу. 2016 жылдың өткен кезеңінде порнографияны насихаттайтын 16 интернет топ жабылды. Бұл желілерге кірушілер саны жарты млн адамнан асады. Оның 24 мыңы қазақстандықтар мен бір жарым мыңы кәмелеттік жасқа толмағандар.
В Костанае планируют отремонтировать фасады и кровли 24 многоэтажных домов
В Костанае усиливают контроль за внешним видом зданий
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
