USD 470.17 EUR 547.47 RUB 6.42

Қостанай мемлекеттік университеті жанынан әскери кафедра ашылды

— 01.08.2016 13:56
Заглушка 375 - нет фото

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті жанындағы әскери кафедра 1 қазанға қарай жұмысын бастайды. Жоғарғы курстардың студенттері әскери мамандыққа оқи алады. Оқу мерзімі 2 жыл. Кафедрада 230 адам білім алады деп жоспарланды. Оның 80-і бюджеттік негізде.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті жанындағы әскери кафедра 1 қазанға қарай жұмысын бастайды. Жоғарғы курстардың студенттері әскери мамандыққа оқи алады. Оқу мерзімі 2 жыл. Кафедрада 230 адам білім алады деп жоспарланды. Оның 80-і бюджеттік негізде.
Оқу жылының басында университетте қабылдау комиссиясы жұмысын бастайды. Болашақ офицерлерге талап қатаң. Әскери кафедра бастығы Болат Токиннің айтуынша 4 талап бойынша студенттер қабылданады. Олар медициналық комиссиядан өту, кәсіби психологиялық іріктеу, дене дайындығы бойынша нормативтер тапсыру және бір жылдағы үлгерімнің орташа балы.
Теориялық білімнен басқа болашақ офицерлерді тәжірибелік дағдыларға оқыту көзделуде. Қару-жарақтан оқ ату және бронетехниканы басқару. Алдағы үш жылда кафедрада техникалар мен қару-жарақтар пайда болады. Әзірге университет әскери бөлімшелердің көмегіне жүгінеді. Сондай-ақ осы әскери бөлімшелердің кадрлық құрамынан профессорлық-оқытушылық құрам жасақталмақ.
Әскери кафедраны аяқтаған студенттер өздерінің мамандықтары бойынша оқуларын жалғастырып, төртінші курстан кейін мемлекеттік емтиханды жақсы тапсырса, оларға лейтенант шені мен әскери билет беріледі.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.