USD 461.26 EUR 542.58 RUB 6.18

Қостанай облыстық соты көп балалы отбасына қайырымдылық көмек көрсетті

— 09.03.2016 13:40
Заглушка 375 - нет фото

Қостанай облыстық сотының төрағасы А.Мерғалиевтің бастамасымен ұйымдастырылған «Жақсылық жаса – жақыныңа көмектес!» акциясы аясында облыстық сот судьясы және БАҚ-пен жұмысты үйлестіруші Г.Артықбаева Қостанай қаласында тұратын көп балалы Байменовтердің отбасында болды.

Құралай Байменова жеті қыздың анасы, ал жолдасы 2 топтағы мүгедек жан. Үлкен қыздары Нұрбаян 14 жаста, одан кейінгі Әйгерім — 13-те, Аружан — 10-да, Ақерке — 9 жаста, Айзере 7-ге толған, Ұлжан – 6 жасар, ал ең кішкентй Асыл 7 айлық.
Отбасына киім-кешек түрінде қайрымдылық көмек көрсетілді. Ең кіші бүлдіршінге жаялық, жиде, ойыншықтар бар. Ересек балаларға көйлек, күрте, аяқ киім.
Судья Г.Артықбаева Қостанай облысы сот қауымдастығы атынан көп балалы ана Құралай мен оның қыздарын  көктем мерекесі 8 наурызбен құттықтап, жақсылық, бақыт, сәттілік тіледі.
Отбасының ақ жаулықты анасы, немерелерін бағып отырған Сағила әжей қонақтарға аналық алғысын айтып, ақ батасын берді-деп хабарлайдыоблыстық сот.

Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.