Қазақстан Ресейге «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшатын «Союз» типіндегі зымырандардың сынықтарын түсіруге жерлер ұсынады. Ресей жерге түскен зымыран сынықтарының санына қарамай жылына 460 мың доллар төлейтін болады.
Инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау осындай соманы атады. Оның айтуынша зымыран сынықтары Ақтөбе мен Қостанай облыстарының аумағына құлайды. Біздің өңірде бұл Жангелдин ауданындағы 41 мың гектар жер. Түскен қаражат осы аудандардың әлеуметтік мұқтаждықтарына жұмсалады.
Альберт Рау қазір Парламентте Ресей тарапынан келісімді ратификациялау және ел аумағында жерді пайдалануға ұсыну бойынша жұмыстар жүріп жатқанын алға тартты. Алғашқы сынықтар бір жылдан кейін түседі деп күтілуде.
Отопительный сезон в Костанае начнётся поэтапно
О третьем выжившем во время учений на Каспии рассказали в Минобороны
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
