Жәбірленушінің сөзінше, 2015 жылдың қазан айында Боровой ауылында белгісіз біреулер есіктегі құлыпты ашу арқылы оның үйіне заңсыз кіріп, ұялы телефоны мен тоңазытқыштағы азық-түлігін ұрлап кеткен.
Жәбірленушінің сөзінше, 2015 жылдың қазан айында Боровой ауылында белгісіз біреулер есіктегі құлыпты ашу арқылы оның үйіне заңсыз кіріп, ұялы телефоны мен тоңазытқыштағы азық-түлігін ұрлап кеткен.
Н.Мартыненко ұрлыққа түскендерді жауаптылыққа тарту үшін Меңдіқара аудандық ішкі істер бөліміне жазбаша арызбен жүгінген.
Жергілікті ішкі істер бөлімінің тергеушісі жәбірленушінің үйіндегі ұрлықтың болғандығына күмәнданып, зейнеткер ұялы телефонды абайсызда жоғалтып алды деп, оның әрекетінен қылмыстық құқық бұзушылық нышанын тапқан. Осылайша тергеуші Н.Мартыненкоға Қылмыстық кодекстің 419-бабының 2-бөлігі бойынша (көрнеу жалған сөз жеткізу) айып таққан.
Іс бойынша куәгерлер Мартыненконың телефонын іздегенін және үйіне келген соң есік құлпын аша алмағанын, кейін үйіне кірген соң ұялы телефоны мен азық-түлігінің жоғалғандығын байқағандығын растаған.
Сот отырысы барысында істің мән-жайын зерделеген сот сотталушының қылмыс жайында көрнеу жалған сөз жеткізгендігі туралы айыптау өз дәлелін таппады деген қорытындыға келді. Бұған қоса, Қылмыстық-процестік кодекстің 185-бабының 1-бөлігі негізінде өзінің бұзылған құқығын қорғау туралы Мартыненконың жазған өтініші өзіне зиянын келтіруі және зейнеткердің орташа ауыр қылмыстық әрекетті жасауға айыпталуы дұрыс емес.
Сот Нина Мартыненконың Қылмыстық кодекстің 419-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасамауына байланысты қылмыстық құқық бұзушылық құрамының жоқтығын ескеріп, оны ақтады. Қылмыстық іс бойынша сот ісі тоқтатылды.Бұған қоса, сот ақталушы Мартыненконың қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылуынан келген залалды өндіру құқығын таныды-деп хабарлайдыоблыстық сот.
В Костанае планируют отремонтировать фасады и кровли 24 многоэтажных домов
В Костанае усиливают контроль за внешним видом зданий
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
