USD 511.26 EUR 597.61 RUB 6.32

Қостанай облысының тұрақтандыру қорын толықтыруға 300 млн теңге бөлінді

— 03.11.2015 13:05
Заглушка 375 - нет фото

Қостанай облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің тұрақтандыру қоры толығуда.
Қостанай облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің тұрақтандыру қоры толығуда.
Биылғы жыл бойы Қостанайдағы барлық жәрмеңкеде тұрақтандыру қорының азық-түліктері сатылды. Қор 2011 жылы азық-түлік тапшылығын болдырмай, бағаны ұстап тұру үшін құрылған еді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетовтың сөзінше 150 тонна қант, 1000 тонна картоп, 50 тонна сәбіз, 250 тонна өсімдік майы, 50 тонна ет, 2,5 млн дана жұмыртқа сатып алу жоспарланды. Қазіргі таңда 20 тонна күріш сатып алынды. Т
ұрақтандыру қорының өнімдері жәрмеңкелер, қалалар мен аудандардағы әлеуметтік дүкендерде сатылады. Биыл 300 млн теңгеге азық-түліктер сатып алынады. Бұл сома қажет болса ұлғаюы мүмкін. Келесі жәрмеңке Қостанайда қарашаның соңында өтеді. Сол жәрмеңкеде жаңарған тұрақтандыру қорының өнімдері сатылуы мүмкін.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.