USD 461.26 EUR 542.58 RUB 6.18

Қостанай тұрғындары үйге ортақ газ желілеріне ақы төлейді

— 11.04.2016 11:44
Заглушка 375 - нет фото

Үш жыл бойы Қостанай облысындағы көп қабатты үйлердегі үйге ортақ газ желілері иесіз. Олардың жағдайына ешкім жауап бермейтіндіктен, мамандар қауіпті екенін айтады. Егер ақау шықса, оған жауап беретін де ешкім жоқ. Сондықтан «Қазтрансгазаймақ»АҚ Қостанай филиалы мен өңірдің атқарушы билігі жағдайды түзетуге шешім қабылдады.
ш жыл бойы Қостанай облысындағы көп қабатты үйлердегі үйге ортақ газ желілері иесіз. Олардың жағдайына ешкім жауап бермейтіндіктен, мамандар қауіпті екенін айтады. Егер ақау шықса, оған жауап беретін де ешкім жоқ. Сондықтан «Қазтрансгазаймақ»АҚ Қостанай филиалы мен өңірдің атқарушы билігі жағдайды түзетуге шешім қабылдады.
Қызмет көрсетуге 4 лицензияланған компаниямен келісім-шарт бекітуге болады. Мерзімі 29 сәуірге дейін. Коммуналшылар жұмыс баяу жүріп жатқанын алға тартты. Мәселен облыс орталығында тек 15 пәтер иелері кооперативі ғана үйге ортақ газ желілеріне қызмет көрсетуге келісім-шарт бекіткен.
Келісім-шарт бекіту туралы шешімді тұрғындардың өздері қабылдауы тиіс. Бүгінде қостанайлықтардың жаңа қызмет түріне қандай ақы төлейтіні белгілі. «РКЦУ Қостанай» серіктестігінің бөлім басшысы Даурен Махамбетов қызмет ақысы 5-ші қабатқа дейін бір жылға әр пәтерден 578 теңгені, 5-ші қабаттан жоғарыларға жылына әр пәтер 471 теңге төлейтінін алға тартты. Егер айға бөлсек 5-ші қабатқа дейін бір айға 48 теңге, ал 5-ші қабаттан жоғарыларға 39 теңгеге шығады.
Қазірде тек Жітіқарада ғана барлық көп қабатты үйлер келісім-шарт бекітті. Рудныйда, Қостанайда, Қостанай ауданында тек үйлердің 10 пайызы ғана құжатқа қол қойған. Пәтер иелері кооперативіне ақы төлегісі келмейтін тұрғындар тікелей газ желілеріне қызмет көрсететін компанияға төлеуіне болады.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.