Биылғы жылдың 1 қыркүйегінен 31 желтоқсанға дейін Қазақстан темір жолы толық емес жұмыс күніне және толық емес жұмыс аптасына көшеді.
Биылғы жылдың 1 қыркүйегінен 31 желтоқсанға дейін Қазақстан темір жолы толық емес жұмыс күніне және толық емес жұмыс аптасына көшеді.
Басқаша айтқанда бес күндік 8 сағаттық жұмыс аптасы бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер 4 күндікке көшеді. Ал филиалдар мен еншілес мекемелердің бірінші басшылары мен орынбасарларына жұмыс күні қысқарады. Қазақстан темір жолы компаниясы жұмыс уақытын қысқарту мәжбүрлі шара екенін айтады. Әлемдік қаржы дағдарысы темір жолдың жұмысына әсер етіп, жүк айналымы көлемі қысқарғандықтан компанияның кірісі де азайды.
Бүгінде Қостанай темір жолында 10 мыңдай адам еңбек етеді. Олардың тең жартысы қысқартылған жұмыс аптасына көшеді. Еңбекақылары шамамен 20 пайызға азаяды. Шығындарды онтайландырып, жаппай қысқартуға жол бермей әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін темр жол бөлімшелерінде кәсіподақпен бірлесіп, бірқатар дағдарысқа қарсы шаралар қабылданды.
Жыл соңына дейін әкімшілік басқару қызметкерлері 20 жұмыс күніне дейін жалақысыз демалысқа жіберіледі. Тамыз-желтоқсан айларында еңбекақы 15 млн теңгеге үнемделеді. Қазақстан темір жолы қызметкерлерге барлық әлеуметтік төлемдер сақталатынына уәде берді.
Смена министра труда и соцзащиты: подписан указ Президента
Репетиторство в ущерб работе: что хотят для учителей изменить власти Казахстана
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
