Қостанай қаласының №2 сотына 1969 жылы туған Бекболат Хусаиновқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Ол ҚР ҚК-нің 345 бабы 3 бөлігі бойынша, яғни көлiк құралдарын басқаруда жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғуда айыпталған болатын.

Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 11 ақпанында Қостанай қаласында жүргізуші Х. №13 қоғамдық көлігімен Алтынсарин көшесінің бойымен КСК шағын ауданы бағытында жүріп бара жатып, Жеңіс көшесімен қиылыста бағдаршамның қоғалысты тоқтату белгісіне қарамай жолдан өтпек болып жаяу жүргіншіні соғып кетеді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен жаяу жүргінші Қостанай облыстық ауруханасына жеткізіліп, сол жерде қаза табады.
Сот үкімімен Б.Хусаинов ҚР ҚК-нің 345 бабы 3 бөлігі бойынша айыпты деп танылып, оған 2 жыл 6 айға шартты жаза тағайындалды. Сонымен қатар ол 3 жыл мерзімге автокөлік жүргізуге қатысты жұмыспен айналысу құқығынан айырылды.
Жәбірленуші тараптың азаматтық талап шағымы толығымен қанағаттандырылып, сотталушыдан жарты миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтемі өндірілді-деп хабарлайдыоблыстық сот.
Костанайская область готовит масштабное обновление Генпланов городов
Кумар Аксакалов потребовал сократить визуальный шум в городах
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.