Бүгін Қостанай қаласының №2 сотында Андрей Коновальчукке қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Ол ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша, яғни, көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғуында айыпты деп танылды, деп хабарладысоттың баспасөз қызметінен.
Іс материалдары бойынша ағымдағы жылдың 4 наурызында сағат 21.00 шамасында Қостанай қаласының Маяковский көшесімен өзінің «Lada 219410» маркалы автокөлігімен жүріп келе жатқан Коновальчук «Наурыз» шағын ауданының №6А үйінің жанында жол қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбей жүру жылдамдығын арттырған. Сонымен қатар жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жолақ арқылы өтпек болған жаяу жүргіншілер азаматша А-мен оның 6 жастағы ұлы Р-ға жол бермей көлігімен қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 жасар бала облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізіліп, сол жерде қайтыс болған.
Сот үкімімен жүргізушіге қоныс колонияда 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру және көлік жүргізуге қатысты жұмыс істеу құқығынан 5 жылға айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар сот жәбірленуші тарапқа Коновальчуктан 1,5 млн. теңге моральдық шығынды өндірді.
Казахстанцев ждет еще один выходной в мае: названа дата
Еще один обязательный налог может появиться для казахстанцев
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
