USD 461.26 EUR 542.58 RUB 6.18

Қостанайда қарақшылық шабуыл ұйымдастырушы бұрыңғы полицейлерге сот үкімі өзгеріссіз қалды

— 26.02.2016 09:34
Заглушка 375 - нет фото

Қостанай облыстық соты сотталғандар Самат Есімбетов, Нұрбек Бекмырза және Виталий Машковтың апелляциялық шағымдары бойынша қылмыстық істі қарады. Олар шағымдарында бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұраған.
Қостанай облыстық соты сотталғандар Самат Есімбетов, Нұрбек Бекмырза және Виталий Машковтың апелляциялық шағымдары бойынша қылмыстық істі қарады. Олар шағымдарында бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұраған.
Рудный қалалық ішкі істер басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің инспекторы қызметін атқарған С.Есімбетов 1924 жылы туған кейуананы тонауды және ерлі-зайыптыларға қарақшылық шабыл жасауды ұйымдастырған.
Қылмыстық әрекеттерге өзі бармаған полиция қызметкерлері тонау объектісін көрсетіп өз таныстарын жіберіп отырған.
Бірінші жайтта зейнеткердің үйіне Машков пен Кузнецов келіп, газ қызметінің жұмыскерлері ретінде әжейді алдасырып пәтерге еніп, оның 100 000 теңгесін еншілеген. Ал екінші қылмыстық іске Есімбетов өзінің Астана қаласында тұратын туысы Нұрбек Бекмырзаны тартқан.
Рудный қаласында екі дүкені бар ерлі-зайыптыларды нысанаға алған топ кәсіпкерлердің үйлеріне баса кіріп, қорқытып ақша талап кеткен. Алайда еш қаражат таппаған қылмыскерлер  құны 62.300  теңге тұратын «Самсунг галакси С-4» телефонды ұрлаған.
Сот үкімімен бұрынғы полиция қызметкері Самат Есімбетов пен Виталий Машковқа жалпы тәртіптегі түзету колониясында 3 жылға бас бостандығын айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалып, Есімбетов полиция капитаны арнайы шенінен айырылған болатын.  Зейнеткердің мүлкін тонау фактісі бойынша тараптар арасында бітімгершілік бекітіліп, қылмыстық іс тоқтатылған.
Нұрбек Бекмырзаға жалпы тәртіптегі түзету колониясында 5 жылға бас бостандығын айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды.  Сонымен қатар сот үкімімен ерлі-зайыптылар Дворецкийлар пайдасына сотталушылардан 1 млн. 200 мың теңге моральдық шығын өндірілді.
Қылмыстық істер бойынша сот алқасы бірінші инстанциялы сот үкімін өзгеріссіз, сотталғандардың шағымын қанағаттандырусыз қалдырды-деп хабарлайдыоблыстық сот.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.