Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрт бірдей қылмыскерге қатысты сот үкімін шығарды. Олар 1992 ж.т. Руслан Жаканов, 1996 ж.т. Сергей Дощанов, 1995 ж.т. Александар Семчанков және 1998 ж.т. Темірлан Муайтбеков.
Еске салар болсақ, 2015 жылдың 18 қазанында сағат 19.30 шамасында Қостанай қаласында азамат Олег Юнның үйінде қомақты қаражаттың бар екендігін білгенін Жаканов өзінің таныстарына қарақшылық шабуыл жасап, өзгенің мүлкін иемдену туралы ұсынысын жасайды.Осы күні сағат 22.00 шамасында Жаканов Дощанов, Семчанков және Муайтбековпен бірге беттеріне маска, қолдарына қолғаптарын киіп, көзден жас шығаратын газ сауытын, пышақ және бейсбол таяғымен қаруланып отбасы тұратын үйге келеді.
Үй қақпасы жабық болғандықтан үстінен секіріп түсіп ішке енген олар терезе қаққан. Үй иелерінің кім екендігін сұраған сауалдарына олар «Антонға қарызын әкелдік» дейді. Ештеңеден күдіктенбеген үй иесі ұлы Антонның таныстары деген оймен Жакановты үйіне кіргізеді. Ішке баса кірген айыпталушылар Олегтің бетіне газ шашып, пышақпен екі рет жарақат салады. Онымен қоймай Семчанков үй иесінің басынан бейсбол таяғымен бірнеше рет соққы жасайды. Ауыр дене жарақатынан ол оқиға орнында қаза табады.
Жалпы мөлшері 3 млн. теңге болатын ақша мен зергерлік бұйымдарды қымқырған қарақшылар қылмыс орнынан жасырынады. Жәбірленуші Н-ға моральдық залал, жан күйзелісі мен айтарлықтай материалдық шығын келтірілген.
Сот үкімімен ҚР ҚК-нің 192 бабы 3 бөлігі 2 тармағы, 99 бабының 2 бөлігі 7,8 тармақтары («қарақшылық», «адам өлтіру») бойынша айыпты деп танылған Р.Жакановқа ерекше тәртіптегі колонияда 21 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. А.Семчанков қатаң тәртіптегі колонияда 18 жыл жазасын өтейтін болды. Т.Муайтбековке жалпы тәртіптегі колонияда 8,5 жыл, С.Дощановқа қатаң тәртіптегі колонияда 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, Р.Жаканов, С.Дощанов, А. Семченков және Т.Муайтбековтен жәбірленуші тарапқа 2,5 млн. теңге материалдық, 2,5 млн. теңге моральдық шығын өндірілді-деп хабарлайдыоблыстық сот.
Кумар Аксакалов: люди должны заезжать в готовую жилую среду
Костанайская область готовит масштабное обновление Генпланов городов
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
