25 желтоқсан күні сағат 11.00–де Қостанай қаласының №2 сотында Қостанай облыстық туберкулезге қарсы диспансердің физиопедиаторы 1968 жылы туған К-ге және аталған аурухананың балалар бөлімінің меңгерушісі 1969 жылы туған Б-ға қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы басталады. Олар ҚР ҚК-нің 114 бабы 4 бөлігі бойынша қызметтік міндеттерін тиісті жүзеге асырмау салдарынан адам өліміне әкеп соғуда кінәланып отыр.

Еске салар болсақ, 2013 жылы бұл қылмыстық істі судья А.Байжұманова қараған болатын. Сот отырысы барысында сот-медициналық сараптама тағайындау қажеттілігі туындаған. Кейін іс қосымша тергеуге жіберілді. Арада екі жыл өткен соң іс қайта сотқа түсті.
Айыптау қорытындысына сәйкес, 2010 жылы 4 маусымда Қостанай облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің балалар бөліміне А.Сағындықов түскен. Балаға «оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде алғашы туберкулездік кешен» диагнозы қойылған. Арада бір ай өткен соң, 3 шілдеде дәрігер К. бала қанының биохимиялық сараптама нәтижелерін алады. Сараптама қорытындысы бойынша қан құрамындағы жалпы белирубиннің айтарлықтай артық болуы дәрілердің бауырға уландырғыш әсер етіп отырғандығын анық көре тұра К. уақытылы «уыттылық гепатит» диагнозын қоймаған. Және де туберкулезге қарсы дәрі-дәрмекті алып тастауға әрекет етпеген. Баланы дұрыс емдемеу салдарынан уландырғыш гепатит дамып, кейін ол өткір бауыр қабыныу ауруына шалдыққан.
Кейін 21 шілдеде балалар бөлімі меңгерушісі Б. 19 шілде күні жасалған бала қанының биохимиялық сараптамасыннан белирубин құрамы тиісті мөлшерден 5 есеге артық екенін көре тұра Сағындықовқа арнайы дәрі-дәрмек тағайындаған. Арнайы дәрі-дәрмектің ұзақ әсері бала жағдайына кері әсерін тигізуі салдарынан ол 8 тамыз күні Қостанай қалалық ауруханасында қайтыс болады.Бұл туралыоблыстық сотхабарлады.
ИИ будет следить за агрессией: в соцучреждениях Казахстана внедрят новые камеры
В Казахстане ужесточат наказание за «бытовую коррупцию»
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.