9 қарашада Қостанайда 48 жастағы кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайдыBNews.kzтілшісі.
9 қарашада Қостанайда 48 жастағы кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды
BNews.kz
тілшісі.
Қазіргі таңда Қостанай қаласы ІІБ қызметкерлері күдіктілерден жауап алып, тергеу амалдарын жүргізуде.
Естеріңізге салып өтсек, қарақшылық шабуыл 18 қазан күні жасалды. 17 мен 22 жас аралығындағы төрт жігіт арам пиғылын іске асырмас бұрын алдын ала жоспар құрып, сөз байласқан. Қылмыстық топ мүшелерінің бірі бұған дейін ұрлық үшін істі болған екен. Жәбірленуші отбасының таяуда ғана пәтерін сатқанын естіген жұмыссыз жігіттер мол байлыққа кенелуді көздеген. Олар кәсіпкердің ұлының есімін біліп алып, жәбірленушілерге қонаққа барады. Ішке кіру үшін қылмыскерлер есіктің қоңырауын шалып, ұлдарына қарызды қайтаруға келгенін айтқан. Бұл уақытта отағасының әйелі де үйде болған.
Пышақ, бита, газ баллонымен мұздай қаруланған қаскөйлер ерлі-зайыптыларды әбден қинап, кейін отағасын өлтіріп кеткен. Төрт жігіт те бетперде мен қолғап киген, деп хабарлайды Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.
Үйден 9 800 доллар, 30 мың теңге мен алтын бұйымдарды жымқырып кеткен қылмыстық топ іздерін жасыру үшін Астанаға бет алады. Елордаға келісімен, ұрланған валютаны айырбастап, көңіл көтеруге жұмсаған. Ал алтын шабуыл жасағандардың бірінің үйінде жасырылған.
2 қарашада күдіктілердің біреуі ұсталды, көп ұзамай сыбайластары да темір торға қамалды. Қазір олардан жауап алынуда. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 99 бабы 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Смена министра труда и соцзащиты: подписан указ Президента
Репетиторство в ущерб работе: что хотят для учителей изменить власти Казахстана
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
