USD 461.26 EUR 542.58 RUB 6.18

Қостанайда кісі өліміне қатысы бар үш қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты

— 16.05.2016 13:55
Заглушка 375 - нет фото

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  екі мәрте қарақшылық жасап, екі адамды өлтірді деп айыпталған Максим Корякин, Максим Захарченко және Николай Чупринға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімін шығарды.
Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  екі мәрте қарақшылық жасап, екі адамды өлтірді деп айыпталған Максим Корякин, Максим Захарченко және Николай Чупринға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімін шығарды.
Іс материалдары бойынша, 2015 жылдың 17 желтоқсанында сотталушылар алкогольдік ішімдік пайдаланғандықтан мас болып Леонид Щербаковты өлтіреді. Кейін олар  пәтерден құны 314 мың теңге болатын мүлікті ұрлап кетеді.
2015 жылы 20 желтоқсанда айыпталушылар осыған ұқсас қылмыс жасаған. Олар зейнеткер  Василий Щербаковты өлтіріп, 352 565 теңгеге тонады.
Сотталушылар ұрланған заттарды төмен бағамен сатып, қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
«Сот үкімімен Максим Корякин ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі 1,2-тармақтары, 99-бабы 2-бөлігі 13-тармағы, 200-бабы 2-бөлігі 1 тармағы бойынша айыпты деп танылып, қатаң тәртіптегі түрмеде 24 жыл 6 ай жазасын өтейтін болды, сонымен қатар оның мүлкі тәркіленді.
Максим Захарченкоға ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі 1,2-тармағы, 200-бабы 2- бөлігі 1-тармағы бойынша  жалпы тәртіптегі колонияда 6,5 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды.
Николай Чуприн ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша  жалпы тәртіптегі түзету мекемесіне 4,5 жылға қамалды және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды.
Сот жәбірленуші тарапқа жалпы мөлшері 354 мың теңге материалдық, 4 млн. теңге моральдық залалды өндірді. Бұл туралыоблыстық сотхабарлайды.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.