USD 470.17 EUR 547.47 RUB 6.42

Қостанайда өлкетанушылар жиналды

— 30.09.2016 12:30
Заглушка 375 - нет фото

Облыстың барлық қалалары мен аудандарынан форумға қатысуға 100 шақты адам келді. Олардың арасында танымал тарихшылар мен өлкетану ғылымын енді бастап келе жатқандар бар.
Облыстың барлық қалалары мен аудандарынан форумға қатысуға 100 шақты адам келді. Олардың арасында танымал тарихшылар мен өлкетану ғылымын енді бастап келе жатқандар бар.
Шараны ұйымдастырушылар атап кеткендей бірнеше жыл бойы облыстың мектептерінде өлкетану пәні жүргізіледі. Алайда әдістемеліктер тапшы болғандықтан соңғы екі жылда педагогтардың біліктіліктерін көтеру институты өлкетану бойынша арнаулы оқулық әзірледі.
Оқулықта облыстың тарихы туралы бірегей архивтік материалдар, көрікті жерлер мен танымал адамдардың өмірбаяны жазылған. Форумға қатысушылар тек жиналыспен шектелмек емес. Олар үшін ғалымдар мен кәсіби өлкетанушылар шеберлік сабақтарын өткізіп, Ішкі істер департаментіндегі мұражайға, облыстық тарихи-өлкетану мұражайына және Ыбырай Алтынсарин мұражайына экскурсияға барады. Ал картина галереясында қостанайлық суретшілермен танысады. Үйымдастырушылар келесі жылы да өлкетанушылар форумы жалғасатынын алға тартты.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.