Таран ауданындағы «Содружество» холдингінің құрамына кіретін «Сұлу» шаруашылығының техникасы күнбағыс жинауға болатынын байқап қарау үшін күн сайын алқапқа шығады. Механизаторлар енді барлық көрсеткіштер бойынша жұмысты бастауға болатынын айтады.
Таран ауданындағы «Содружество» холдингінің құрамына кіретін «Сұлу» шаруашылығының техникасы күнбағыс жинауға болатынын байқап қарау үшін күн сайын алқапқа шығады. Механизаторлар енді барлық көрсеткіштер бойынша жұмысты бастауға болатынын айтады.
Бұл жерде шаруа шаш етектен. 3,5 мың гектар күнбағыс алқабын, 900 гектар зығырды жинау қажет. «Сұлу» серіктестігінің директоры Александр Пирогтың сөзінше олар қолайлы ауа райын күтеді. Жердің кепкені жақсы. Егер жаңбырлы күндер көп болса ,тұқымды күлгін түске айналдырып жібереді де сапасы бірден төмендейді екен. «Сұлу» шаруашылығы өңірде майлы дақылдарды көптеп өсірумен айналысатын бірлі-жарым шаруашылық. Бірнеше жыл бұрын шығынға батпас үшін дақылдарды әртараптандыруды қолға алды. Енді міне нәтижесі жақсы.
Әдеттегі бидайдың орнына зығыр, күнбағыс, қыша, ноқат, тары, жасымық өсіреді. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша биыл Қостанай өңірінде 270 мың гектарға майлы дақылдар себіліп, оның 41 пайызы жиналды. Негізінде қазір күнбағысты жинау қалды. Оны әдетте минустық температурада жинап алады. Ал бидай дақылдарына қатысты айтсақ, алқаптың 99,4 пайызы орылып, 5 млн 600 мың тонна астық қамбаға құйылды.
Казахстанцев ждет еще один выходной в мае: названа дата
Еще один обязательный налог может появиться для казахстанцев
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
