USD 461.26 EUR 542.58 RUB 6.18

Қостанайда Меценаттар сыйлығы тапсырылды

— 06.04.2016 16:06
Заглушка 375 - нет фото

Қостанай Меценаттар клубы өнер, мәдениет, ғылым, журналистика сынды салаларда озық шыққандарға «Қазына» және «Шабыт» сыйлықтарын тапсырды.
Қостанай Меценаттар клубы өнер, мәдениет, ғылым, журналистика сынды салаларда озық шыққандарға «Қазына» және «Шабыт» сыйлықтарын тапсырды.
Биыл он алтыншы рет өткізілген бүтін елдегі теңдессіз шараға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты. Айта кетейік, конкурста мәдениет және өнер қызметкерлері, шығармашылық ұжым жетекшілері, тілшілер, ақындар, жазушылар, ғалымдар, білім беру саласының қызметкерлері кім үздікті анықтады. «Мирас» мәдениет сарайында өткен салтанатты жиынның ашылуында сөз сөйлеген облыс басшысы «Мәдени мұра» аталымы бойынша жеңіске жеткен ҚМПИ проректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Тілеген Ахметов пен танымал айтыскер ақын Айбек Қалиевке «Қазына» сыйлығын табыс етті.
Биылғы байқауға 97 ұсыныс келіп түссе, оның ішінде 32 адам мен 2 ұжым сыйлықтарға лайық деп танылды. Тағы бір қуанарымыз, меценаттар ауыр науқасқа шалдығып, емделуді мұқтаж еткендерге қомақты қаржы жұмсайды. Сондай-ақ, қолы қысқа адамдарға коммуналдық қарызды өтеуге, қысқа отын-су алуға да жомарт жандар қол созады.Ғылым саласында жеткен жетістіктері үшін А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ прфессоры, философия ғылымдарының докторы Сапар Қолдыбаевқа «Қазына», философия докторы Қуантар Әлихановқа «Шабыт» сыйлығы ұсынылды.Бұл туралы«Қостанай таңы»хабарлайды.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.