USD 470.17 EUR 547.47 RUB 6.42

Қостанайда мектеп базарлары ашылды

— 03.08.2016 11:36
Заглушка 375 - нет фото

Жаңа оқу жылының басталуына бір айға жетпейтін уақыт қалды. Ата-аналар балаларын мектепке дайындап жатыр. Мектеп базарлары жұмысын бастады. Базарлар Қостанайдағы «Балалар әлемі» дүкенінің жанында және Амангелді мен Победа көшелерімен шектес Дулатов көшесінде орналасқан.
Жаңа оқу жылының басталуына бір айға жетпейтін уақыт қалды. Ата-аналар балаларын мектепке дайындап жатыр. Мектеп базарлары жұмысын бастады. Базарлар Қостанайдағы «Балалар әлемі» дүкенінің жанында және Амангелді мен Победа көшелерімен шектес Дулатов көшесінде орналасқан.
Сөрелер мектеп формасына, спорттық костюмдер, сөмкелер, кеңсе тауарларына толы. Әзірге адамдар көп емес, кезек жоқ. Биыл баға өскен. Мәселен қыз балаға форма 3,5 мың теңгеден жоғары. Ұлдардың костюмдері айтарлықтай қымбат. 13 мың теңгеден 25 мың теңге дейін. Жейделер 2000-2500 теңге. Ал галстуктер 400-600 теңге. Спорттық костюмдерді 4 мыңнан 9 мың теңгеге дейін алуға болады. Сатып алушылар баға қалтаны қағатынын айтады. Әсіресе мектепке бірнеше баласы баратындарға қиын. Кеңсе тауарлары да қымбаттаған.
Папкалар, қаламсаптар, түрлі түсті қарындаштар мен бояулар 10 пайызға қымбаттапты. Қалың дәптерлер 80-100 теңге, ал жұқасы 15 теңгеден. Күнделіктер 400-600 теңге. Сөмкелерге де баға әр түрлі. Ата-аналар мүмкіндігіне қарай алып жатыр. Сатушылардың айтуынша ересек ұлдардың сөмкесі 8 мың теңге, қыздардікі 10 мың теңге. Бір баланы мектепке дайындау үшін биыл орташа есеппен 30-40 мың теңге керек.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.