Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап нанға баға еркін айналымға жіберілді. Соңғы жылдары ас атасының құны өзіндік құны мен өткізу бағасы арасындағы айырмашылықты субсидиялау есебінен тұрақты болды. Бірақ өткен жылдың соңында ел үкіметі бұл бағдарламадан бас тартты. Дегенмен Қостанайда әзірге нанға баға айтарлықтай өзгерген жоқ.
Қала әкімдігінің ветеринария және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ғизат Қаленовтің сөзінше бүгінгі таңда қаладағы 20 наубайхананың тек 1-еуі ғана бағаны көтерді.Басқалары бұрыңғы бағамен 49 теңгеден өткізіп, ал дүкендер 51 теңгеден сатуда. Бір наубайхана ғана 55-57 теңгеден өткізуде. Бірақ бағаның алдағы уақытта қанша болатыны белгісіз.Мамандар бұл ұнның бағасына байланысты екенін алға тартты. Бұрын ұн 55 теңге тұрды.
Қазіргі таңда тұрақтандыру қоры жоқ болғандықтан әрбір наубайхана ұнды өздіктерінен сатып алып, соған қарай бағаны қояды. Атқа мінерлердің айтуынша әзірге тұрақтандыру қорынан ұн қалғандықтан, наубайханалар бағаны өсірген жоқ. Ол біткенде баға өзгеруі мүмкін. Оны нарықтың өзі реттейді. Қалай дегенмен олар ас атасы 60 теңгеден жоғары қымбаттамайды деген пікірде.
Жильё вместе с инфраструктурой: Аксакалов сделал акцент на безопасности и благоустройстве
Фермеров могут лишить господдержки из-за состояния почвы
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
