USD 461.26 EUR 542.58 RUB 6.18

Қостанайда Наурыз мерекесі басталып кетті

— 17.03.2016 14:46
Заглушка 375 - нет фото

Н.Островский атындағы Қостанай қалалық кітапханасында «Аңызға айналған наурыз мейрамы» атты Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы іс-шара өтті. Оқырмандар мен медициналық колледждің студенттері назарына кітапхана қызметшілері мен гуманитарлық колледждің дарынды жастары өнер көрсетті.

Ән әуелеп, күй күмбірлеп, ұлттық билер шараның көрігін қыздырды. Қазақы нақыштағы қойылымдар қойылып, Қыдыр атаның кейпі сомдалды. Жүргізушілер көрермендерге қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық дүниетанымын, киім-кешек, тұрмыстық бұйымдарын таныстырып, дәстүрлі ойын түрлері, Наурыз мейрамындағы ырым-жоралғылар туралы түсінік беріп отырды.
Сондай-ақ, шараға шақырылған арнайы қонақтар да бар: өзбек, татар, армиян ұлттарының өкілдері орта толтырды. Оларға да сөз беріліп, өз салт-дәстүрлерімен, ұлттық тағам түрлерімен таныстырып, өнерлерін көрсету қолқаланды.
Әрқайсысы өз ұлттарының Наурыз мейрамын қарсы алудағы ерекшеліктерін тілге тиек етіп, көрермендердің сұрақтарына жауап берді.Бұл туралы«Қостанай таңы»хабарлайды.

Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.