Ұлық мейрам Ұлыстың Ұлы күнін Қостанай шаһары ерекше сән-салтанатымен дүркірете думандатты. Орталыққа жиылған жұртшылықтың қарасы қалың. Ауа райы аса қолайлы да болған жоқ: қар ұшқындап, жел соғып тұрды. Дегенмен, күннің салқындығы мерекелік көңіл-күйге қаяу түсіре алмағандай. «Бұл қарлы жел — Құс қанаты» мен «Алтынкүрек» қой» десті үлкендер.
Облыстық әкімдік алдына жағалай қонған киіз үйлер маңы – қараң-құраң халық. Отаулар ауласын, ошақтардан шыққан түтінді, әр ұлттың ән-күйін, айқара ашық есікті ерсілі-қарсылы адамдар айналып өтіп жатқан жоқ. Қазан басынан тегін таратылып жатқан ыстық бауырсақ, Наурыз көже, палаудан ауыз тиюде.
Қала тұрғындары мен қонақтарының қуанышын ортақтаспаққа облыс әкімі Архимед Мұхамбетов сахна төріне көтерілді. Ол өз сөзінде көктемнің ең көркем де асқақ мәртебелі мерекесімен шын жүректен құттықтады.
Мейрамның басты кейіпкері Қыдыр ата да дүйім елді аузына қаратып, қос білегін көтеріп, ақ батасын жолдады.
В Костанае планируют отремонтировать фасады и кровли 24 многоэтажных домов
В Костанае усиливают контроль за внешним видом зданий
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
