USD 461.26 EUR 542.58 RUB 6.18

Қостанайда Қобыланды батырға ескерткіш ашылды

— 30.05.2016 13:09
Заглушка 375 - нет фото

Қостанайда Герцен мен Киевский көшелерінің қиылысында салтанатты түрде Қобыланды батыр монументі ашылды.
Қостанайда Герцен мен Киевский көшелерінің қиылысында салтанатты түрде Қобыланды батыр монументі ашылды.
Ескерткішті Қостанайға аты аңызға айналған батырдың ұрпақтары сыйлады. Оны ҚР Суретшілер одағының мүшелері Ахметовтар жасады.
Былтыр Қостанайға жеткізілген монументке 2014 жылы орын табылған. Қазір постамент гранитпен әрленіп, онда естелік жазба пайда болды.
Қостанай әкімі Базыл Жақыповтың айтуынша, облыс  орталығының көрікті орындарының біріне айналған ескерткіштің ашылуы — ерекше маңызды оқиға. «Тарихи тұлғалардың бейнесі арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелейміз, олар қазақ жері қандай батырларды тәрбиелегенін білуі тиіс».
Рәсімге академик Сағындық Сатыбалдин қатысты. «Мирас» фольклорлық ансамблі өнер көрсетті-деп хабарлайдыҚазАқпарат.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.