USD 461.26 EUR 542.58 RUB 6.18

Қостанайда патронатты тәрбиешіге сот үкімі шықты

— 11.04.2016 12:19
Заглушка 375 - нет фото

Павел Паратиков патронаттық іспен 10 жыл бойы айналысып келеді. Қазір ол келісім-шарт бойынша 12 жасар Дария Шедринаны тәрбиелеуде. Сот залында патронатты тәрбиеші айыпталушы,ал қыз бала зардап шегуші ретінде жауап беруде. Іс материалында айтылғандай, 2015 жылдың желтоқсанында патронатты тәрбиеші 12 жастағы қызды соққыға жыққан.

Мемлекеттік айыптаушы Бағдат Есімовтің айтуынша сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша кәмелетік жасқа толмаған Дария Шедрина оң жақ иығының астында,оң жақ тізесінде дене жарақатын алып, денесі көгеріп, денсаулығына жеңіл жарақат алған. Оны қатты затпен ұрған болу керек. Жауап алу кезінде айыпталушы Паратиков 12 жасар Дарияны қамшымен ұрғанын, осылайша үйге кеш келгендіктен жазалағысы келгенін айтты. Қыз бала үйіне үнемі кешігіп келетін болған.
Мемлекеттік айыптаушының сөзінше Павел Паратиков қылмыстық кодекстің 140 бабының екінші бөлігінде қарастырылған кәмелеттік жасқа толмаған баланы ата-анасы немесе басқа тұлғаның тәрбиелеуде міндетін дүрыс атқармағаны үшін айыпталуда.
Сот оны 140 баптың 2 бөлігінде қарастырылған қылмыстық әрекетті жасауда кінәлі деп тауып, 120 сағат бала тәрбиесімен айналыспауға, патронатты, қамқорлық істерімен 3 жыл бойы айналысу құқығынан айыруға үкім шығарды.

Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.