USD 474.04 EUR 555.01 RUB 6.45

Қостанайда ұрланған ұялы телефондар қоймасы табылды

— 15.11.2016 11:32
Заглушка 375 - нет фото

Үш жүзден астам ұялы телефон смартфон және планшеттер. Қостанайдың тұрғынының үйінен алынған бұл гаджеттер тек қорапқа сыйғаны ғана. Қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері бөтеннің мүлкін тонаған күдіктілерді іздестіру мақсатында «Пәтер» шұғыл алдын-алу шарасын өткізу кезінде тұрмыстық техникалар қоймасын тапты.

Қалалық ішкі істер бөлімінің аға уәкілетті өкілі Ахтан Макеевтің айтуынша қала аумағында бірнеше пәтерді тонаған Қостанай тұрғыны қолға түсті. Одан жауап алу кезінде ұрлаған заттарын белгілі бір жерде Қостанайдың бір тұрғынына сатқаны белгілі болды.
Полицейлер ұялы телефондардан басқа бірнеше теледидар мен ноутбуктерді тәркіледі. Мобильдік қондырғылардың кодттарын тексеру кезінде олардың бірқатары полицияның базасында ұрланған ретінде тіркелген.
Бұл мәлімет тергеуге үйдің иесін және бұрын қолданылған гаджеттерді жинаушыны табуға мүмкіндік берді. Ұрлыққа қаланың тағы басқа екі тұрғынының қатысы бар екені анықталды. Қазіргі таңда олар мүліктік қылмыс жасағаны үшін қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді полицейлер ұрланғанған заттардың кімдердікі екенін анықтап жатыр.

Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.