USD 461.26 EUR 542.58 RUB 6.18

Қостанайда шомылу маусымы қарсаңында құтқарушылар ескерту жасады

— 13.05.2016 09:34
Заглушка 375 - нет фото

1 маусым — жылдағыдай суға шомылу маусымының басталатын күні. Осы кезеңдер — жағажайда адам толастамайтын, ал  құтқарушыларға тынымсыз жұмыс істеуге тура келетін шақ. Өйткені, өкінішке қарай, дем аламыз деп барып, қауіппен бетпе-бет келіп, тіпті абайсыз ажал құшатын жандардың саны көп. Мәселен, былтыр шомылу маусымында облыс көлемінде барлығы 36 адам қаза тапты.

Ал биыл, маусым басталмай жатып-ақ,үш оқиға тіркеліпті. Құтқарылғандардың саны бұдан әлдеқайда көп болса да, қайғылы жайтқа қалайда жол бермеу — басты назарда.
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының қатысуымен Дағдарыс орталығында суға шомылу маусымы қарсаңында судағы қауіпсіздік мәселелері бойынша брифинг өтіп, мамандар Қостанай облысының суға шомылу кезеңіндегі қауіпсіздікті бақылау және адамдардың суда қаза болу себептері туралы тарқатып айтып берді. Оқыс оқиғалардың негізгі себептері – немқұрайлылық, абайсыздық рұқсат етілмеген жерлерге мас күйінде шомылу, сондай-ақ балалардың бақылаудан тыс қалуы.
Құтқарушылар маусымының басталуына дейін жағдайларды алдын ала   ретке келтіріліп, сүңгуірлермен өзен-көлдердің түбі тексеріліп, қалдық-қоқыс заттардан тазартатындарын атап өтті.
Әсіресе, ересектердің қарауынсыз қалған балалар жөнінде фактіге ерекше назар аударды. Ата-аналарға бірінші кезекте жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайтынын, су айдындарының маңында қауіпсіздік ережелерін сақтамау, қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін туралы балаларға түсіндіру қажет. Жағажайға жиі мас күйінде келетін адамдардың мәселесі өз алдына бір бөлек мәселе.Бұл туралы«Қостанай таңы»хабарлайды.

Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.