USD 461.26 EUR 542.58 RUB 6.18

Қостанайда «Өшпес полк» акциясы басталды

— 21.04.2016 13:58
Заглушка 375 - нет фото

Қостанайда Ұлы Жеңістің 71 жылдығына дайындық басталды. Облыс орталығында дәстүрлі «Өшпес полк» акциясы жалғасын тапты. Акцияға кез келген адам қатыса алады. Жас шамасына ешқандай шектеу жоқ.
Акцияның мақсаты елімізді неміс басқыншылығынан қорғаған адамдарға құрмет көрсетіп, тағызым ету. Акцияға қатысу үшін соғысқа қатысқан туған-туысқанының портретін дайындау қажет. Қостанай қалалық әкімдігінің инспекторы Азамат Таңатаровтың айтуынша 9 мамырда сағат: 9-дан 10:00-ге дейін облыс әкімдігі алдындағы алаңда «Өшпес полк» колоннасы жасақталады. Колонна Жеңіс саябағына дейін жүріп өтіп, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қояды.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.