Қостанайда ірі көлемде ақша жымқырды деген айыппен футболдан балалар спорт мектебінің бас бухгалтері Олеся Дациева сот алдында жауап берді. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, ол жалпы алғанда 3 млн. 448 мың 338 теңгені қолды еткен.
Қостанайда ірі көлемде ақша жымқырды деген айыппен футболдан балалар спорт мектебінің бас бухгалтері Олеся Дациева сот алдында жауап берді. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, ол жалпы алғанда 3 млн. 448 мың 338 теңгені қолды еткен
Бұл сома Қостанай облыстық мәслихаттың ревизиялық комиссияның тексерісі кезінде анықталды, деп хабарладыҚазАқпарат.
Алайда, сотта айыпталушы Дациева қылмыс жасамағанынн айтты. Оның сөзіне қарағанда, бұл қаражат ұрланбады, ол мектеп оқушылары мен бапкерлердің түрлі жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету үшін және іссапар шығынын өтеу үшін карталарға аудару және қолма қол беру арқылы жұмсалған.
Дациева бухгалтериядан қаржы құжаттары салынған папканың жоғалуы салдарынан осындай айыптар тағылып отырғанын жеткізді. Дегенмен оның сөзіне қарағанда, қаражаттың қайда аударылғанын банк арқылы бақылауға болады, сондай-ақ оны бухгалтериядан ақша алған куәгерлер — жаттықтырушылар мен оқушылар растай алады. Сот отырысы жалғасып жатыр.
Молодые врачи не хотят работать: в Костанайской области усиливается кадровый кризис
Триатлон-парк превратился в огромную фотолокацию с тюльпанами
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
